GGG-дің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокстағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қыркүйекте өтеді. Бұл туралы talkSPORT басылымының редакторы Майкл Бенсон мәлімдеді, деп жазды Sports.kz.

«Эдди Хирннің айтуынша, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 қазанда Лос-Анджелес қаласында өтеді», - деп жазды Бенсон Twitter-дегі парақшасына.

Отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз.

Эдди Хирн де отандасымыз секілді DAZN стримингті сервисімен келісімшарт жасасқан. Бұл келісім аясында ол алты жекпе-жек өткізу керек.

Головкин DAZN келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йорк қаласында Стив Роллсқа қарсы өткізген. Ол кезде бұрынғы әлем чемпионы қарсыласын нокаутпен жеңген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы