GGG-Canelo: Қазылардың шешімімен келіспеймін - Азат Перуашев

Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев GGG мен «Канело» арасындағы трилогияға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Генамыз жақсы деңгейде жұдырықтасты. Қазылардың шешімі бойынша бүкіл раундта «Канело» жеңген екен. Бірақ мен мұнымен келіспеймін. Меніңше, Генамыз үш-төрт раундты өз пайдасына шешті. Жекпе-жек барысында Головкиннің жылдамдығы бәсеңдеп қалғанын байқауға болады. Және аяқпен қимылдауыда азая берді. Бокста ең маңызды дүниелердің бірі қозғалыс пен дистанция екені анық. Генадий осы бағытта шамалы бәсеңсіді. Дегенмен, Головкин біз үшін әрқашан чемпион. Ол біздің брендіміз, - деді депутат.

Сонымен қатар ол Головкин 7 раундтан кейін нокаутқа жібереді де үміттенген.

Өздеріңіз білетіндей, осыған дейін екі жекпе-жек өткізді. Ол кезде екеуі белсенді түрде бірін-бірі әбден  танып алды. Ал бүгінгі айқаста интеллектуалды боксқа көшті. Яғни, әрбір соққысын ақылмен жұмсады. Өкінішке қарай осы жолы жеңіс бұйырмады. Қазақстандықтар үшін GGG чемпион!, - дейді Перуашев.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы