Мемлекет басшысы Германияның Федералдық президентімен келіссөз жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлинде ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сәлемдесу және суретке түсу рәсімінен кейін мемлекеттер басшылары "Бельвю" мемлекеттік резиденциясына барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды, - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Содан кейін екі елдің президенттері келіссөз жүргізіп, өзара қызығушылық тудыратын ауқымды мәселелерді қарастырды.


Қазақстан президенті екі мемлекетті достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, Еуропа одағына мүше мемлекеттер ішінде өзінің алғашқы ресми сапарын Германиядан бастағанын айтты.

Франк-Вальтер Штайнмайер аталған сапары үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жүргізілген келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапармен барғаны хабарланды. Сонымен қатар, президент Ангела Меркельмен кездесіп, Қазақстан президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Мемлекет басшысы Германия инвесторларына тиімді жеңілдік ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы