Германиялық кардиохирург Алматыда шеберлік сағатын өткізді

Алматы, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да еліміздің мамандары неміс әріптестерімен бірге криоблацияны қолданып, митральды қақпақшаны хирургиялық түзету бойынша тұңғыш рет операция жасады. Бұл туралы аталған ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметі хабарлады.


Шеберлік сағаты барысында Германиядан келген жетекші кардиохирург, профессор Thorsten Hanke қатысуымен Atricure жүйесімен ота жасады.

"Қақпақшалы және қақпақшалы емес жүрекше фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері" тақырыбында өтіп жатқан шеберлік сағатына қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен кардиолог дәрігерлер, интервенциялық кардиологтар мен аритмологтар, кардиохирургтар, терапевт дәрігерлер және жалпы практика дәрігерлері келді.

Қатысушылар профессор Thorsten Hanke жасаған электрофизиология және терапияны тиімді таңдау туралы дәрісті тыңдады. Ол жүрекше фибрилляциясының қаншалықты қауіпсіз екенін айтып өтті. Оның айтуынша, жүрекше фибрилляциясын сәтті емдеу пациенттердің өмір сүру сапасын, ұзақтығын және деңгейін жақсартуға, инсульт қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар доктор Thorsten Hanke мамандарды оқытудың қажеттілігі мен маңыздылығын және хирургтың алғашқы жасайтын бес операциясы міндетті түрде тәжірибелі маманның жетекшілігімен өтуі керектігін атап өтті.




Шеберлік сағаты барысында нақты клиникалық жағдайлар қарастырылды және қатысушылар Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлімше меңгерушілері Рүстем Төлеутаев және Роин Рекваваның профессор Thorsten Hankeмен бірлесіп жасаған операцияларды көруге мүмкіндік алды.
24 қаңтарда операция алды және операциядан кейінгі ұсынымдар берілетін болады, сонымен қатар операция жасалып клиникалық жағдайлар қарастырылады. Жасанды қанайналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестеріне жүрекше фибрилляциясын торакоскопиялық емдеудің тәсілдерімен таныстыратды.Мұндай шеберлік сағаттарын өткізу кардиохирургиядағы оперативтік араласаулардың техникасын меңгеруге, мамандардың кәсіби дағдысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.
Профессор Thorsten Hanke әлемдік практикада белгілі кардиохирург, торакальдық және жүрек-тамыр хирургиясы жөніндегі неміс қоғамының, Еуропалық кардиоторакальдық хирургия қауымдастығының, неміс кардиологиялық қоғамының аритмия жұмыс тобының, сондай-ақ неміс кардиологтар қоғамының мүшесі. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы