Германиядан экстрадицияланған есірткі сатушы 11 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Германияның құқық қорғау органдарының үйлесімді іс-әрекеттері елімізге есірткіні алып кіруге бағытталған әрекеттің жолын кесуге және қылмыскердің құрықталуына алып келді.
2017 жылы Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен Шымкент қаласының әуежайында Қазақстанға Германиядан «экстази» психотроптық заттарды алып өтуге әрекет ету фактісі анықталды.
Жүк иесі Грузия азаматы Леладзе оның багажы ұсталғанын және онда есірткінің бар екенін біле тұра, оған келмей қашып кетіп, Германия аумағында жасырынған.
Алайда, ол сот төрелігінен асып кете алмады. Қазақстанның құқық қорғау органдары оның біздің еліміздің аумағында құқыққа қарсы әрекет жасағанын дәлелдей алды. Қылмыскерді ұстау және оны кейіннен Қазақстанға экстрадициялау туралы тиісті сұрау салу Германия тарапына жіберілді.
Бас прокуратураның белсенді қатысуымен шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылдар нәтижесінде қылмыскер ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Бас көлік прокуратурасымен Леладзеге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Тағылған айыпты мойындамауына қарамастан, оның контрабанда жасағаны және психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сақтаған кінәсі расталып, сотта өзінің дәлелін тапты.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2019 жылғы 22 қазандағы үкімімен Леладзе 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен үкім өзгеріссіз, сотталғанның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.