1 Тамыз 2026, 19:49 Фото: DPA

Германиядағы ұлттық парк дауылдан адам қаза тапқаннан кейін жабылды

Дауыл салдарынан бір адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды.

Германияда танымал «Саксон Швейцариясы» ұлттық паркі келушілер үшін уақытша жабылды. Бұған адам өліміне әкелген күшті дауыл себеп болды.

DPA агенттігінің хабарлауынша, парк аумағына келген залал бағаланғаннан кейін оны уақытша жабу туралы шешім қабылданған. Қатты жел көптеген ағашты құлатып, жекелеген аумақтарға баруды қауіпті еткен.

Шектеу Бастай жартасы, Ратен мен Гонштайн елді мекендері, сондай-ақ Поленцталь аңғары аумағына қатысты енгізілді.

Германия мен Чехия шекарасында орналасқан бұл ұлттық парк ерекше жартас түзілімдерімен танымал. Оның басты көрікті орындарының бірі – Эльба өзенінен шамамен 200 метр биіктікте орналасқан, аркалы көпірмен жалғасқан Бастай жартас кешені.

Алдыңғы кеште Ратен қаласында ашық аспан астындағы театрдың маңына ағаш құлап, 28 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы 10 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауыр жарақат алған. Оқиға орнынан шамамен 40 адам эвакуацияланды.

Әзірге билік ұлттық парк келушілер үшін қашан қайта ашылатынын хабарлаған жоқ.