Отандық боксшылар Германиядағы турнирден 7 медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда бокстан жастар арасындағы Brundenburg-Cup халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық боксшылар 7 медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алған. Жексен Бейбарыс, Әшірхан Айтжан және Тоғамбай Сағындық чемпион атанса, Талғат Сырымбетов күміс жүлдегер қатарында. 

Туринирдің қола жүлдесін М. Базарбайұлы, Д. Дүйсебай, К. Мақсұт, А. Сабырғали иемденді. 

Ал Әшірхан Айтжан турнирдің үздік боксшысы атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы