Германияда зират маңында көлік адамдарға соғылып, екі адам қаза тапты

Германияның батысындағы Крефельд қаласында қайғылы жол апаты орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bild басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, зираттың автотұрағында көлік адамдарға соғылған.

Полиция дерегінше, оқиға орнында 72 жастағы ер адам мен әйел көз жұмды. Кейін олардың егіздер – аға мен қарындас екені белгілі болды.

Көлікті 77 жастағы жүргізуші басқарған. Таңғы сағат 10 шамасында ол рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншілерге соғылған.

Тергеу болжамына сәйкес, бұл – қасақана әрекет емес, қайғылы жағдай. Крефельд полициясы эвакуация жұмыстары аяқталғанын, аумақтың тексерілгенін мәлімдеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы