Бүгiн 2026, 20:34 Фото: Ibrahim Ot/AFP/Getty Images

Германияда жас аналарға арналған мекемеде атыс болды: Қаза тапқандар бар

Күдікті оқиға орнында ұсталды, полиция тұрғындар үшін ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді

Гамбургке жақын орналасқан Германияның Штаде қаласында жастарды қолдау және жас аналарға баспана беретін мекемеде атыс болды.

Жергілікті полицияға сілтеме жасаған The Guardian басылымының хабарлауынша, оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға орнында екі адам ұсталды, оның бірі - шабуыл жасады деген күдікті.

Полиция қазіргі уақытта тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын және жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен шабуылдаушының мақсаты әзірге белгісіз. Тергеушілер болған оқиғаның барлық егжей-тегжейін анықтауды жалғастыруда.

Сондай-ақ, билік зардап шеккендердің нақты санын және олардың алған жарақаттарының ауырлық дәрежесін нақтылап жатыр.

Басылымның хабарлауынша, атыс жас аналарға арналған тұрғынжайлары бар жастарды әлеуметтік қолдау мекемесінің аумағында болған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Штаде қаласы Гамбургтің батысында орналасқан, онда шамамен 50 000-ға жуық халық тұрады.

Еске салайық, бұған дейін Чикагодағы атыс болып, 4 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды.