Германияда ұсталған қазақстандыққа қатысты тың ақпарат шықты
2026 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматы барлау қызметіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған.
Сыртқы істер министрлігі Германияда тыңшылық қызметке қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қазақстандық азамат биыл 29 сәуірде Германия құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған.
Германия Федеративтік Республикасының құзырлы органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес, 29 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматы барлау қызметіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталды, – деп атап өтті СІМ.
Министрлік қалған ақпарат құзырлы органдардың құзыретіне жататынын атап өтті.
Бұл мәселеге қатысты өзге мәліметтер құзырлы органдар желісі арқылы қаралады. Қазіргі уақытқа дейін ұсталған азаматтың өзі де, Қазақстанның елшілігі мен консулдық мекемелері де ресми түрде жүгінген жоқ, – деп нақтылады ведомство.
СІМ өкілдері ұсталған адамның жеке басы анықталғанын, алайда қолданыстағы заңнама талаптарына байланысты қосымша ақпарат жарияланбайтынын айтты.
Еске сала кетейік, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Германияда Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпаратқа байланысты Германия Федеративтік Республикасы құзырлы органдарына ресми сұрау жіберген болатын.