Германияда қаза тапқан экс-судьяның денесінен пышақ жарақаттары табылды

Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесінен пышақ жарақаттары табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bild басылымының мәліметінше, марқұмның қолы, мойны, беті жарақаттанған.

Біздің пайымдауымызша, төбелес болған. Әйелге біреу шабуыл жасаған. Бәлкім ол соңына дейін қорғанған болар, - деді тергеуші.

Прокуратура атап өткендей, әзірге тергеу жүргізілгелі бірде бір күдікті табылмаған.

Еске салсақ Айгүл Сайлыбаеваның денесі 16 маусым күні Эрлахе өзені маңында табылды. Полиция атап өткендей, экс-судьяның денесі табылған жерде қылмыс жасалмаған. 

Оның туыстарының сөзінше, әйел күйеуі және енесі тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған болуы мүмкін. 

Сонымен қатар құқыққорғау органдары Айгүлдің енесін де іздестіріп жатыр. Әйел із-түзсіз жоғалып кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы