Германияда қала күнін тойлау кезінде террорлық шабуыл жасалды

Германиядағы Золинген қаласының 650 жылдығына арналған фестиваль кезінде белгісіз біреу жиналғандарға пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

NBC News-тің таратқан ақпаратына сүйенсек, шабуыл салдарынан үш адам көз жұмып, сегіз адам жараланған.

Қылмыс жасаған күдікті қолға түскені айтылуда. Болған оқиға үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) тобы мойнына алды.

Тергеу-тексеру жүргізіп жатқан Дюссельдорф полициясы күдіктінің қолға түскенін растап отыр. Алайда қалған ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы