Германияда пойыз рельстен шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда пойыз рельстен шығып кетіп, бірнеше адам көз жұмды. Тағы 60-қа жуығы жарақат алған, деп жазды Хабар24.

Дәрігерлер соның ішінде шамамен 20 адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Төтенше жағдайдың нақты себебі белгісіз. 

Алдын ала мәлімет бойынша оған техникалық ақау себеп болуы мүмкін. 

Италияда да жүрдек пойыз рельстен шығып кеткен. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Словакияда да ірі темір жол апаты болды. 

Мұнда рельсте тоқтап қалған жолаушылар пойызына көмекке келген локомотив соғылып, 70-тен аса адам жарақат алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы