Германияда орман өртеніп жатыр
Германияның солтүстігінде орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Неміс басылымдары таратқан мәліметке сәйкес, тілсіз жау жер бетіндегі ең биік тау саналатын Саксония-Анхальтта орын алған. 1141 метр биіктіктегі өрт өте жылдам таралуда.
Мамандар Броккен тауындағы өрттің бақылаудан шығып кеткенін айтып жатыр. Жалын 62 гектар жерді шарпыған. Оны сөндіруге 300-ден астам өрт сөндіруші мен бес тікұшақ жұмылдырып отыр. Италия мен Швециядан екі тікұшақ көмекке келетіні айтылуда.
Үдере соққан жел өрттің таралуына себеп болып, оны сөндіруге кедергі келтіруде. Жергілікті билік тұрғындар мен туристердің эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауғанстандағы РФ елшілігінде жарылыс болды
Өзгелердің жаңалығы