Германияда омикрон штамы жеті мыңнан аса адамнан анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Омикрон штамы елдің 16 аймағында түгел тіркелді, деп жазды Хабар 24. 

Ресми дерекке қарағанда мемлекетте коронавирустың бұл түрі 7 мыңнан астам адамнан анықталып, дертке шалдыққандардың 10 процентін құрады. Осыған байланысты дәрігерлер мереке кезінде қарым-қатынасты шектеп, үшінші доза салдыруға шақырып жатыр. Қазірге дейін бустерді 30 миллион тұрғын алған.

 Мен медицина саласында қызмет етемін. Ковид қаншалықты қатерлі екенін білемін. Сондықтан вакциналауды міндетті етуді қолдаймын. Алда коронавирустың тағы қандай мутацияға ұшырайтынын ешкім білмейді. Жаңа штамдар пайда болып жатыр. Індеттен қорғанудың жалғыз жолы вакцина. Өзіңіз үшін ғана емес өзгелерді де қорғау үшін екпе салдыру қажет, - дейді дәрігерлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы