Германияда медбике 100 науқастың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді

Германияда медбике 10 науқасты өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғаннан кейін, оның 100 науқастың өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді. Бұл туралы People таблоиды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қылмыстық әрекеттер 2023 жылғы желтоқсан мен 2024 жылғы мамыр аралығында Вюрцелен қаласындағы "Рейн-Маас" клиникасында жасалған. Тергеу мәліметтері бойынша, медбике түнгі кезек кезінде ауыр науқастарға седативті және ауырсынуды басатын дәрілердің өлімге әкелетін дозаларын берген.

2025 жылдың қарашасында сот оны 10 науқасты өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Алайда, жаңа тергеу аясында оның ықтимал қатысы бар тағы да 90 науқастың өлімі тексерілуде.

Германияның Ахен қаласының бас прокуроры Катя Шленкерман-Питтске мәлімдегендей, полиция күдікті жағдайларды зерттеп, барлығы 60-қа жуық мәйітті эксгумациялап, медициналық тексеруден өткізуді жоспарлап отыр.

Күдікті өз іс-әрекетінің салдарын түсінбегенін айтып, кінәсіздігін мойындамай отыр. Бұған дейін ол жұмыс істеген Кельн прокуратурасы жеке тергеуді бастады. Тергеушілер эксгумация және сараптама нәтижелерін күтіп, ықтимал қосымша айыптауларды қарастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы