Германияда коронавирустың төртінші толқыны жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.
Айтуынша, қазір ауруханалар науқастарға лық толы. Індеттің өршуіне тұрғындардың вакцина қабылдаудағы салғырттығы себеп. Сондықтан мамандар бұл жолғы толқынды «вакцина алмағандар пандемиясы» деп сипаттаған.
Елде ковид жұқтыру деңгейі жазғы көрсеткіштен асып түскен. Тамызда күн сайын 10 мыңға дейін науқас тіркелсе, қарашада олардың саны 30 мыңнан асып отыр. Сондықтан Германия үшінші дозаны салу науқанын бастады. Бірақ әзірге бустерлі компонентті халықтың 2,5%-ы ғана алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 39 шенеунікке ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды
Өзгелердің жаңалығы