Германияда инфляция рекордты деңгейге жетті
Германияда инфляция деңгейі 10 пайызға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың болжамына сүйенсек, қыркүйек айында бұл көрсеткіш тамыз айындағы кезекті рекордтан кейін 9,5 пайыздан аспауы керек еді. Қазір елде электр энергиясы мен тауарлар бағасы өсіп барады.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей газынан бас тартқан Германия үкіметі, Гель-зен-кирхендегі, көмір электр станцияларының қайта жанданғанын жариялады. Тиісті қаулы 2023 жылдың басына дейін күшінде болады. Ал кейбір сарапшылар, бұл экономикадағы қиындықтарды уақытша шешкенмен, елдің болашаққа жоспарланған Климаттық мақсаттарына, қауіп төндіреді деп санайды.
Көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын қалпына келтіру қоршаған ортаны қорғауға бағытталған барлық жұмысты тығырықа тіреді. Себебі "Көмір дәуіріне" оралу 2030 жылға қарай көмірден толық бас тартамыз деген жоспарға қауіп төндіріп отыр, - дейді Кристиан атты тұрғын.
Белең алған инфляциямен күресудің жаңа шешімдерін табу керек, әсіресе ГельзенкИрхен сияқты қалаларда. Энергия тапшылығын айтпағанда, қазір бағаның өсуі өткір мәселе болып тұр. Баға тым шарықтап барады, - дейді энергетика саласындағы сарапшы Франц Шмидт.
20 ғасырдың басында Гельзенкирхен Еуропадағы ең маңызды көмір өндіруші қала болған еді. Алайда соңғы бірнеше онжылдықта көмір өнеркәсібі құлдырап, экономикалық даму бәсеңдеді. Сөйтіп, қаладан жұрт көше бастады.