Германияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті

Еуропаның 15 елін мекен еткен отандастарымыз бұл жолы Кёльн қаласында бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атажұртты сағынған алыстағы ағайын дәстүрлі астан дәм татып, ұлттық аспапта ойнап, Отанға деген сағынышын басты. Кельндегі құрылтайға Еуропадағы 20-дан астам қазақ ұйымының өкілдері жиылды. Жырақта жүрген қандастарымыз үшін жылына бір рет өтетін бұл шара маңызды. Оқу-жұмыс бабымен я тарихи оқиғалардың салдарынан шетел асқан қазақтар ұрпағы ана тілі мен мәдениет мәселелерін талқылады.

Осы бағдарламалар ішінде ең маңызды жобалардың бірі ол жазғы лагерь. Бұл жылда өтеді. Биыл Бурабайда үшінші рет өтейін деп жатыр. Шамамен әлемнің 8 елінен 200 жуық 11 және 17 жас ортасында мектеп оқушылары қатысады. Әрине, ана тілін үйретуге байланысты біздің «Отандастар» қорының оффлайн және онлайн қазақ тілі курстары бар, - деді «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы.

Еуропа қазақтары келесі кездесуді Австрияда, ал 2025 жылғы шараны Венгрияда өткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inform.kz
Өзгелердің жаңалығы