Германияда экобелсенділер жолды жауып тастады

Германияда екі апта бойы экобелсенділердің наразылық акциясы басылмай келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды.  Олар мейлінше көп адамның назарын аудару үшін әдейі қарбалас кезді таңдап жолдарды жабады. Наразы топ автобандағы көлік жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін азайтуды және бюджеттік жол жүру билетін қайтаруды талап етуде. Осылайша жүргізушілер қоғамдық көлікті жиі қолданар еді. 

Тиісінше ауаға бөлінетін зиянды заттар да азаяды дейді, – экобелсенділер. 

Полицейлер мұндай наразылық акцясына қатысқандарға 250 еуро айыппұл салынатынын ескертеді.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы