Германияда экобелсенділер шеруі тоқтамай тұр

Германияда экобелсенділер шеруі тоқтамай тұр. Ал билік көлік жолдарын бөгеген экобелсенділерге биыл 1 мыңнан аса қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар жай ғана көшеге шығып ұрандап жүрген жоқ. Өз қолдарын асфальтқа желімдеп тастаған. Бір ғана «Соңғы ұрпақ» қозғалысы сәуір-мамыр айларында 240 рет наразылық акциясын өткізген. Сол кездерде қалада кептеліс болып, көлік жүре алмай қалды. Өрт сөндіру, жедел жәрдем қызметтері оқиға орындарына тез жете алмаған.

Жергілікті билік экобелсенділерді жазаға тарту үшін қылмыстық істерді жедел қарауды ұсынып отыр. Ал Табиғат жанашырлары үкіметтен қоғамдық көлікте жүру ақысын арзандатып, баламалы энергия көздеріне көшуді талап етіп жатыр.

Біз биліктен халық кеңесін құруды талап етеміз. Оған климатпен күрес бойынша стратегияны дайындайтын ғалымдар мен сарапшылар кіруі керек. Өйткені бізге климаттың өзгеруі қауіп төндіріп тұр. Ал біз наразылық шараларын бейбіт түрде өткізіп жатырмыз. Сондықтан оларды радикалды деп айта алмаймын, - дейді Лара есімді экобелсенді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы