Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Германияда бір отбасы үйінде 605 жаңа жыл шыршасын орнатып, рекорд жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
Қазір олардың шаңырағында бос орын жоқ. Томас пен Сьюзаннаның отбасы жаңа жылды асыға күтеді. Олар үйін 1 ай бұрын безендіре бастайды. Қызды-қыздымен биыл 605 шырша орнатып тастаған. Ол әлемдік рекорд ретінде ресми тіркелді.
Бүкіл жердің жарқырап тұрғаны маңызды. Бұл керемет көрініс деп ойлаймын. Шыршалардың әдемілігіне көз тоймайды, - дейді рекорд иесі Томас Йеромин.
Әртүрлі жарықтың шуақ шашып тұрғаны керемет. Үйіміздің ерекше нұрланып тұрғанын ұнатамыз, - дейді рекорд иесі Сюзанна Йеромин.
Йероминдердің үйі Германияның солтүстігіндегі Ринтельн қаласында орналасқан. Аумағы – 180 шаршы метр. Олар тіпті жуынатын бөлме мен дәретханаға дейін шырша қойып тастаған. Барлық ағашты безендіруге 120 мың ойыншық, 10 мың жарық пен бірнеше мың жаңа жыл мүсіндері жұмсалған.Электр тоғын артық шығындамас үшін арнаулы үнемді иллюминация ілген.
Ең тар деген бөлменің өзінен әдемі жаңа жыл шыршасын қоятын орын табуға болады. Бастысы, дұрыс орналастыру керек. Үйімізді тағы кеңейтсек дейміз. Сюзанна Йеромин, рекорд иесі: - Біз үйдегі бұрыш, қабырға – барлық жерді әсемдеуге, әбден келістіріп безендіруге тырысамыз, - дейді Томас Йеромин.
Ерлі-зайыпты бұл іспен 8 жылдан бері тұрақты айналысып келеді. Былтыр 555 шырша орнатқан.