16 Ақпан 2026, 08:25 Фото: pixabay

Германияда бесінші банкке ұры түсті

Германияда банкке ұры түсіп, 14 ұяшықты бұзып ашқан.

Германияның Штур қаласында ірі банк тонау оқиғасы тіркелді. Бұл – кейінгі екі айда ел аумағында болған бесінші қылмыстық іс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгісіз адамдар бөлімшеге жертөле арқылы кіріп, 14 ұяшықты бұзып ашқан. Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, қылмыскерлер айласын ғимаратқа сұйықтық шашу арқылы іске асырған.

Қазір полиция күдіктілерді анықтау үшін үйлер мен көліктердегі бейне-бақылау жазбаларын тексеріп жатыр. Шығын көлемі белгісіз, өйткені сейфтерде қолма-қол ақша, алтын және бағалы әшекейлер сақталған.