Германияда ауқымды зейнетақы реформасы әзірленіп жатыр: Зейнетке шығу жасы ұлғаюы мүмкін
Реформа халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер мен өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты жасалуда.
Германия үкіметі 2026 жылдың соңына дейін ауқымды зейнетақы реформасын парламенттің қарауына енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің канцлері Фридрих Мерц мәлімдеді.
Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, билік зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен ұлғайтуды, мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндіктерін шектеуді және зейнетақы жинақтарын қалыптастыру жүйесін өзгертуді көздеп отыр.
Реформаның негізгі бастамаларының бірі - мемлекеттік капитал нарығы қорын құру. Бұл қорға жыл сайын кемінде 30 млрд еуро көлеміндегі зейнетақы жарналарын аудару жоспарланған.
Канцлердің айтуынша, реформа халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер мен өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты қолға алынып отыр.
Егер адамдар ұзақ өмір сүріп, жасы ұлғайса, онда олар да ұзағырақ жұмыс істеуге дайын болуы керек, – деді Фридрих Мерц.
Заң жобасы алдағы айларда парламент қарауына ұсынылады. Егер құжат мақұлданса, бұл соңғы жылдардағы Германиядағы ең ірі зейнетақы реформаларының бірі болмақ.
- Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады 20:14
- Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр 19:52
- ШҚО-да сырттан келген екі адамнан психотроптық зат салынған 34 орама табылды 19:06
- Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті? 18:48
- Индонезиядағы магнитудасы 7,7 жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 20-ға жетті 18:13
- Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды 17:56
- Шығыс Қазақстанда құрғақ шөп өртеніп жатыр 17:49