Германияда ауған азаматы қарт адамдарға пышақпен шабуыл жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлиннің Вильмерсдорф ауданында 29 жастағы ауған азаматы екі адамға пышақпен шабуыл жасады.
Бұл туралы қалалық полиция 5 қыркүйекте Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп жазды korrespondent.net.Полиция мәліметіне сүйенсек, бау-бақша жұмысымен айналысып жатқан 58 жастағы әйел мен оған көмекке келген 66 жастағы ер адам жарақат алған.
Шабуыл жасаған адам оқиға орнында тұтқындалды. Жарақаттанғандар ауруханаға жатқызылды.Тергеушілердің сөзінше, 2016 жылдан бері Германияда тұратын күдіктінің психикалық ауытқулары бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы