Германияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш іздестіріліп жатыр
Саксония федералды жерінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесі Гримма қаласына жақын маңдағы Гольцерн мен Требзен елді мекендерінің арасында құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ сынықтары Мульде өзенінен табылған. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және сүңгуірлер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта ұшқышты іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Апат болған аумақ Дрезден мен Лейпциг қалаларын байланыстыратын A14 автомагистралына жақын орналасқан. Өзен бойында қайықпен жүзіп жүрген спортшылар апат іздерін бірінші болып байқаған.
Айта кетейік, бұған дейін, 2 шілдеде Сомали астанасы Могадишодағы Аден Адде халықаралық әуежайында да тікұшақ апаты тіркелген болатын. Ол кезде әуе кемесінде сегіз адам болған. Тікұшақ құлағаннан кейін өртенгенімен, өрт дер кезінде ауыздықталып, зардап шеккендер туралы ақпарат болмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бұршақ, найзағай: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы