Бүгiн 2026, 04:49
Фото: istockphoto
Германияда әскер жасындағы ерлердің елден шығу ережесі қатаңдатылды
Енді 17 мен 45 жас аралығындағы азаматтар құзырлы органның рұқсатынсыз елден шыға алмайды.
Германияда әскер жасындағы ер азаматтардың елден шығу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Frankfurter Rundschau басылымының жазуынша, енді 17 мен 45 жас аралығындағы азаматтар елден үш айдан ұзақ уақытқа шыққысы келсе, бундесверден арнайы рұқсат алуға міндетті.
Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұған дейін мұндай шектеулер тек төтенше жағдай кезінде – қорғаныс режимі немесе қауіпсіздікке жоғары қатер төнген жағдайда ғана қолданылатын.
Күшейтілген дайындық жағдайы деп парламент немесе НАТО сыртқы қатер бар деп таныған ахуал айтылады, ал қорғаныс жағдайы – елге қарулы шабуыл жасалған нақты факт. Енді шетелге шығуды келісу талабы тұрақты негізде қолданылады.