Германия вакцина алған туристерге шекарасын ашпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 25 маусымынан бастап Германия билігі Еуропалық Одақтан тыс елдердің вакцина салдырған азаматтарына кіруге рұқсат береді, деп жазды nege.kz.

Германия елге келу мақсатына қарамастан, барлық турист үшін ашылады. Сонымен бірге, Германия Федералды ішкі істер министрлігінің сайтында хабарланғандай, вакцинаның соңғы дозасын салғаннан кейін кем дегенде 14 күн өтуі керек.

Қазір тек Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (EMA) мақұлдаған вакциналар жарамды. Басқа вакциналар қажетті бағалау аяқталғаннан кейін тізімге қосылады, – делінген министрліктің сайтында.

Германияда мақұлданған вакциналардың тізімі Пауль Эрлих институтының сайтында көрсетілген. Оларға мыналар жатады: Moderna, AstraZeneca, BioNTech/Pfizer, Johnson&Johnson.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы