Германия Украина 7,27 млн еуро бөлді
Германияның экономика министрлігі Украинаның энергетикалық қолдау қорына қосымша 7,27 миллион еуро бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Германияның экономика және климатты қорғау министрлігі Еуропалық энергетика қоғамдастығына Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіруге қосымша 7,27 миллион еуро береді", - делінген министрліктің сайтындағы баспасөз хабарламасында.
Қаражат 2022 жылы қауымдастық аясында құрылған Украина энергетикасын қолдаудың халықаралық қорына аударылады.
Германия қордың қызметіне ең көп қаржылай үлес қосып отыр. 2022 жылдан бері Германия қорға 390 миллион еуродан астам қаражат аударды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ Украинаны “сенімді ақтамады” деп айыптады
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы