1 Қараша 2026, 00:57 Фото: Bild басылымы

Германия қалаларында жастар наразылыққа шықты

Әзірге ел бойынша наразылыққа қатысқандардың жалпы саны туралы нақты мәлімет жоқ.

 
Германияның ондаған қаласында жастар наразылық акцияларына шықты. Der Spiegel басылымының хабарлауынша, полиция Берлинде шамамен 2 700, Мюнхенде 1 800-ге жуық, ал Майндағы Франкфуртте 1 000-ға жуық демонстрантты тіркеген.
 
Бұл туралы DW басылымы жазды.

Акциялардың басым бөлігі тыныш өтіп жатыр. Алайда Штутгарт қаласында полиция шеруді бірнеше рет тоқтатуға мәжбүр болған. Сондай-ақ полиция бет-жүзін жасырған бірнеше қатысушыға ескерту жасаған. Бұл туралы dpa агенттігі хабарлады.

Жастардың наразылығына өмір сүру құнының өсуі, Германияда міндетті әскери қызметтің қайта енгізілуі мүмкін екені және климаттық саясаттың тиімсіздігі себеп болған.