Германия өз алтынын АҚШ-тан қайтарғысы келеді

Германия АҚШ-та сақтаулы тұрған алтын қорының бір бөлігін елге қайтару мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Guardian басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта АҚШ қоймаларында шамамен 1236 тонна неміс алтыны сақтаулы тұр, оның жалпы құны 164 млрд еуроға жуық. Бұл көрсеткіш бойынша Германия тек АҚШ-тан кейінгі орында және әлемдегі ең ірі алтын қоры бар елдердің бірі болып қала береді.

Бұған дейін алтынды елге қайтару идеясын негізінен "Германия үшін балама" партиясы алға тартып келген еді. Алайда қазір бұл ұстанымды экономистер мен қаржы сарапшылары да жиі қолдай бастады. Сарапшылар мұны жаһандық геосаяси тұрақсыздықтың артуымен және халықаралық ынтымақтастық тәсілдерінің өзгеруімен байланыстырады.

Неміс аналитиктері үшін негізгі тәуекел факторларының бірі — Дональд Трамптың саясатының болжап болмайтындығы және Вашингтон тарапынан қатаң протекционистік шаралардың қайта енгізілуі мүмкіндігі.

Саяси келіспеушіліктер туындаған жағдайда АҚШ теориялық тұрғыда Германияның өз резервтеріне қолжетімділігін шектеуі немесе қаржылық қысым тетіктерін қолдануы мүмкін, – деп болжайды сарапшылар.

Тарихи тұрғыдан алғанда, алтынның мұхиттың арғы бетінде сақталуы қауіпсіздік мақсаттарымен және халықаралық есеп айырысуларды жүргізудің ыңғайлылығымен түсіндіріліп келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pexels.com
Өзгелердің жаңалығы