Геосаяси өзгерістер еліміздегі инвестицияға әсер етіп жатыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов саланың инвестициялық ахуалына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Модератор вице-министрге "Қазақстан өзін стратегиялық әріптес ретін қалай көрсетуде? Өйткені геосаяси және климаттық өзгерістер болды және тасымалдау тізбегі бұызды... Осыған байланысты қандай реформаларды іске асырып жатырсыздар" деп сұрақ қойды.
Пандемия мен әлемдегі геосаяси жағдайлардан кейін біз дәстүрлі нарығымызды өзгертіп жатырмыз. Еуразиялық одақ, Орталық Азия және Иран елдерінің саяси жағдайға байланысты ұстанымы бақылауымызда. Салалық министрлік ретінде өзгерістерге бейімделуіміз керек. Қазіргі Қазақстандағы өзгерістер инвестицилық ахуалға да ықпал етіп жатыр. Бізге министр ауысқан кезде бұдан бұрынғы саясатты әрі қарай жалғастыра бергені маңызды. Яғни сабақтастыра білуіміз керек, инвесторларда мұны қалайды. Сондықтанда түбегейлі реформаларды жүргізудің қажеті жоқ. Бизнес моделі қай деңгейде солай қарастыруымыз керек, – деді Азат Сұлтанов.