Геологтардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Токтабаевтың қатысуымен Геологтардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл күні өндіріс озаттары «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы», «Қазақстан Республикасы жер қойнауын барлаудың үздігі» атақтарына, ведомстволық марапаттарға, алғыс хаттарға, сондай-ақ грамоталарға ие болды.
Вице-министр Т. Токтабаев жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, минералдық-шикізат ресурстары Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынын және көбінесе мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті.
Әлемде шикізат ресурстарын тұтыну мен өндірудің қарқынды өсімімен қатар, геология саласын дамыту мен жаңғырту мәселелерінің өзектілігі да арта түсуде.
Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында ең үздік әлемдік тәжірибеге негізделген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс бекітіліп, жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығы бойынша Фрейзер институтының әлемдік рейтингісінде Қазақстан 49 позицияға, яғни 104 елдің ішінде 73-орыннан 24-орынға көтерілді.
Бұл күні «E&P PetroConsulting» ЖШС бас директоры Ж. Аристамбаев, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ Тау-кен департаментінің директоры В. Бармасов, «Қазгеология» АҚ I санатты гидрогеологы Г. Жармұхамбетова, «NovaЦинк» ЖШС бас геологы А. Жүсіпов, «АтыгайГолдМайнинг» ЖШС директоры А. Марьин, «Қазгеология» АҚ жетекші геологы Д. Ракин, «Қазгеология» АҚ I санатты геофизигі Б. Смағұлов және «Қазмырыш» ЖШС Шығыс Қазақстан геологиялық барлау қызметінің директоры И.Чугунов лайықты мамандар «Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушы» атағымен марапатталды.
Қ. Сатпаева атындағы Геология және жер қойнауын пайдалану институты кафедрасының меңгерушісі А.Бекботаева, «Майкаиналтын» АҚ байыту фабрикасының геологы Г.Емельянова, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ Тау-кен департаментінің бас менеджері, «Қазгеология» АҚ жетекші геологы А. Хамзин «Қазақстан Республикасы Жер қойнауын барлаудың үздігі» төс белгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, геология саласында үлкен еңбегі үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің атынан «Қазатомөнеркәсіп» АҚ Тау-кен департаменті бөлімінің басшысы Ю. Важинский, «Қазгеоақпарат» РГАО ЖШС департаментінің директоры Э. Джантуреева, «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД Ақмола облыстық инспекциясының басшысы Б. Қасымбеков, «Қазгеология» АҚ басқарушы директоры Б. Мударисов Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы атынан халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткендері үшін Қазақстанның жас геологтары алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында Бразилияда жеңіске жеткен Қаламқас Жағыппарова, Жапонияда – Әлия Жағыпарова, Францияда – Глеб Смирнов және Таиландта жеңіс туын желбіреткен Камила Қажен, Ислам Айтуғанов, Асылбек Өмірзақ және Ақназар Қажымұрат бар.