География пәніне арналған электронды оқу құралы әзірленді

Оқу-құралы арқылы 60-тан астам геоақпараттық технологиялармен және ресурстар туралы ақпараттарға ие, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Лайсханов Шахислам бастаған жас ғалымдары мен Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары география пәні мұғалімдеріне оқу-әдістемелік қолдау көрсету және олардың геоақпараттық білімдерін жетілдіру мақсатында «Географиялық білім берудегі геоақпараттық технологиялар мен ресурстар» электрондық оқу құралын әзірледі. 

Оқырмандар электрондық оқу құралымен арнайы ашылған http://giseducation.kz сайты арқылы танысып, тегін жүктеп ала алады. 

Алдағы уақытта осы сайтқа жоба аясында әзірленген оқу-құралдары жарияланып, оқырмандарға қолжетімді ету көзделген. 

Оқу-құралы арқылы география мұғалімдері Жаңартылған мазмұндағы географияны оқытуда қолдануға болатын 60-тан астам геоақпараттық технологиялармен және ресурстар туралы ақпараттарға ие болады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы