Геннадий Головкин Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенттігіне ұсынылды

Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенттігіне боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда президенттікке кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралған.

ҰОК Бас ассамблеясының негізгі отырысы 26 ақпанға жоспарланған.

Отырыста ұйымның жаңа басшысына дауыс береді.

Головкинді бұл лауазымға Олимпиадалық спорт федерациялары ұсынған.

Айта кетейік, бұл лауазымды Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері тұрақты атқарып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы