Геннадий Головкин титулынан бас тартты
Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF белбеуінен бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини мәлімдеді.
GGG IBF титулынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?, - деп жазыпты Уилсон әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) Головкинге IBF жүйесі бойынша міндетті қарсыласы еді. Алайда IBF (Халықаралы бокс федерациясы) әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасамады. Егер Головкин бұл чемпиондық белбеуді шынымен босатса, Фалькаоға ол титул үшін басқа боксшымен айқасу керек болады.
Головкинде тағы IBO және WBA Super чемпиондық белбеулері бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр
Өзгелердің жаңалығы