Бүгiн 2026, 07:24

Геннадий Головкин Таиландтағы сайлау учаскесінде дауыс берді

Ол қазір World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турнирі аясында Бангкок қаласында жүр.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті және World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы №453 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол қазір World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турнирі аясында Бангкок қаласында жүр.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша  өңірлерде барлық 10388 учаске дауыс беруге кірісті.

92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.