Геннадий Головкин Риота Муратаны жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 раундтқа созылған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан басым түсті.

Геннадий Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанып отыр. 

Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті. Онлайн режимдегілер үшін qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көрсетіледі. 

Total Sport сайты бұған дейін Геннадий Головкин бұл кештегі жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алатынын жазды. Бұл шамамен 12-15 млн доллар.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы