Геннадий Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға ұшып барды
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҰОК басшысы Грекия астанасына Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен барған. Геннадий Головкин Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын тамашалайды. Ол құрама үшін маңызды матчта футболшыларға трибунадан қолдау көрсетпек.
Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жалғастыруда. Қазақстандық футболшылар Грекияны жеңуі тиіс. Бұл плей-офф финалында ойнауға мүмкіндік береді.
Еуроға жолдаманы жеңімпаз команда иеленеді.
Грекияға қарсы матч бүгін Астана уақытымен 00:45-те басталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы