Геннадий Головкин Лас-Вегасқа ұшып барды

Геннадий Головкин Лас-Вегасқа ұшып барды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады BAQ.KZ.

 Онда Головкин мен оның командасы жеке ұшақпен Калифорниядан жеткені көрсетілген. Головкин жекпе-жекке дайындығын сол Калифорнияда өткізген болатын.

Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз, – деп жазды  Головкин.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы