Генетикалық зерттеулерге қосымша 4 млрд теңге бөлінді – Қайдарова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Молекулярлық-генетикалық зерттеулерге қосымша 4 млрд теңге бөлінді, деді ҚР ДСМ Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институты басқармасының басшысы Диляра Қайдарова онлайн брифинг барысында. 

2 жыл ішінде ерте диагностика жасау көрсеткіші 4 пайызға артып, 26%-ды құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 22%-ға тең болған. Бұл науқастардың емделуі мен өмір сүру ұзақтығына әсер етеді. Бұрын науқастарға қолжетімсіз болған молекулярлық-генетикалық зерттеу қазір тегін жүргізіледі, - деді ол. 

Қайдаров айтқандай, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырамасымен еуропалық және америкалық келісімге сәйкес хаттамалар енгізілген. 

Қазір біз молекулярлық-генетикалық зерттеулерсіз емдеу жүргізбейміз. Бұл шаралар үшін министрлік қосымша 4 млрд теңге бөлді. Посткеңестік елдерде осындай тегін жүргізілетін іс-шаралар жоқ, - деді Қайдарова.
Онлайн брифинг барысында коронавирус індетін жұқтырғандар арасында 8 онкологиялық науқас бар екені белгілі болды. Сондай-ақ, Қайдарова жұмыс беруші әр қызметкеріне скринингтік тексеруден өтіп тұруына жағдай жасауы қажет екенін айтты. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы