Генерал-майор тергеу изоляторында өлі күйінде табылды

Алматыдағы тергеу изоляторында генерал-майор Жайлаубек Халықұлы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті таратқан мәліметтерге сәйкес, генерал-майорды күзет бақылаушысы таңғы сағат 7-лер шамасында байқаған. Мекеменің кезекші қызметкерлері бірден алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда құтқарып қалу мүмкін болмапты. 

Жедел жәрдем бригадасы механикалық асфиксия салдарынан орын алған өлім жағдайын растады. 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылары келді. Қамаудағы басқа тұлғалармен әңгімелесті. Тексеріс барысында оған қатысты заң бұзушылық әрекеттерінің деректері анықталған жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Қазіргі уақытта облыстық департаменттің қызметкерлері қызметтік тексеріс тағайындады. 

Еске сала кетейік, Жайлаубек Халықұлы биыл 23 мамыр күні ұсталған болатын. Ол әлдебір азаматтан қылмыстық істі тоқтату үшін алдап-арбау жолымен ақша және мүлік алды деген күдікке ілінді.

Жайлаубек Халықұлы 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының полиция департаментін басқарған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы