Генерал-майор пара алғаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігі Кадр департаментінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы