«Газпром» Финляндияға газ тасымалдауды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін фин компаниясы ресейлік газды сатып алуда жаңа төлем жүйесіне өтуден бас тартқан болатын. Поляктың PGNiG және Болгарияның «Булгаргаз» компаниялары да осындай ұстанымда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Газпром экспорт» 2021 жылы Gasum компаниясына 1,49 миллиард текше метр газ тасымалдады, бұл көлем Финляндиядағы газ тұтынысының 2/3 бөлігін құрады. Бұған дейін фин компаниясы ресейлік газды сатып алуда жаңа төлем жүйесіне өтуден бас тартып, «Газпромды» сотқа беретінін хабарлады.

Поляктың PGNiG және Болгарияның «Булгаргаз» компаниялары да дәл осылай әрекет етті. Салдарынан «Газпром» Польша мен Болгарияға да газ тасымалдауды тоқтатты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы