Ғазиза Жұбанова атындағы квартеттің концерті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті квартеттің «Под знаком Белы Бартока» атты концерті өтті.

Ішекті квартеттің көркемдік жетекшісі, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер – Ернар Мыңтаев.

Концертте скрипка, альт және виолончельдің сиқырлы үнімен А.Тоқсанбаевтың, И.Гайдн және Б.Бартоктың үздік шығармалары орындалып, әлем жауhарларының музыкалары тыңдармандарға ұсынылды.

Айдар Тоқталиев-бірінші скрипка, Алексей Лебедев - екінші скрипка, Бекзат Сайлаубайұлы – альт, Ернар Мыңтаев-виолончель төрттігінен құралған топ бүгінде Қазақстанның үздік өнер иелері қатарында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы