Ғазиза Құдайберген: Кітап оқу қазір - трендте
Желмая жобасының кезекті кейіпкері Ұлттық академиялық кітапханының басшысы Ғазиза Құдайберген жастардың кітапқа деген қызығушылығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда Ұлттық кітапханаға келушілердің қатары едәуір ұлғайды. Қуантарлығы, оның көбі – жастар. Қазір жастар кітапты тек кітапханаға келіп оқымайды.Қызығушылық танытқандар кез-келген кітапты сатып алып оқып жатыр. Байқасаңыздар, арт-центрлерде, галереяларда кітаптың тұсаукесерлері жиі өткізілуде, еліміздің барлық өңірлерінде кітап дүкендері де жиі ашылып жатыр. Тіпті анти-кафелер өз сөрелеріне арнайы кітап қойып жатады. Демек, соңғы бес жылда кітапқа деген сұраныс жоғары деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, кітап оқу қазір трендте болып отыр,-деді ол.
Сондай-ақ сұқбат барысында балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда бірнеше кеңестер ұсынды.
Оқитын ұлт отбасында қалыптасу қажет. Баланың оқуға деген қызығушылығын арттыруды нәресте шақтан бастау керек деп ойлаймын. Жеке өзім баламды перзентханадан әкелген бойдан, күніне бір рет кітап оқып беріп отыратынмын.Қазір баламның өз пікірі қалыптасқан, терек ойлай алады, онымен кез-келген кітапты еркін талқылай аламын. Сол секілді баласының болашағын ойлайтын әрбір ата-ана оның кітапқа қызығушылығын оятуда аса ұқыптылық таныту керек,-дейді Ғазиза Құдайберген.