Ғажайып құтқару: Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап, аман қалды
Астанада Түркістан көшесінде 6 жасар бала 9-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ғажайыптың күшімен аман қалды. Оның құлауы екінші қабат деңгейінде тоқтап, балконның үстіндегі күнқағарға түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өтіп бара жатқан адамдар мен үй тұрғындары дереу көмекке жүгіріп келген. Екінші қабатта тұратын әйел баланы қолынан ұстап қалып, оның әрі қарай сырғып кетуіне жол бермеген. Сол сәтте бейжай қарамаған ер адам терезе арқылы пәтерге кіріп, баланы ішке тартып алған.
Куәгерлердің айтуынша, бала күнқағардың үстінде жатқан кезде есін жия бастаған. Біраз уақыттан кейін оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізді.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен баланың денсаулығы анықталып жатыр.
Оқиғадан кейінгі жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы