Газдарды тазарту мен шаңды ұстау жобалары енгізілмек
Бұл туралы Үкімет отырысында кәсіпорынның бас директоры Жанат Жанботин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Қазмырыш" ЖШС экологиялық технологиялар мен цифрландыруға 108 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.
"Қазмырыш" компаниясы алдағы 10 жылда стратегиялық даму шеңберінде газдарды тазарту мен шаңды ұстаудың заманауи технологияларын енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Өткен жылы компанияда уәкілетті органдарға нақты уақыт режимінде деректерді беруді қамтамасыз ететін шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Тұрақты ESG есептілігін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда, - деді Жанат Жанботин.
Оның айтуынша, цифрландыру саласында металлургия өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздікке, тау-кен жоспарлауға, модельдеуге және талдауға байланысты бірқатар шешім жүзеге асырылды.
Негізгі жобалардың бірі "OneApp" платформасы – өндірістік үдерістердегі ауытқуларды басқаруға арналған ақпараттық жүйе болды. Сонымен қатар басқаруды арттыру және операциялық тәуекелдерді азайту үшін өндірістік активтерден үлкен деректерді жинау және талдау жұмыстары жүргізілуде, - деді кәсіпорын директоры.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылы елімізде мыс өңдеу екі есе ұлғаймақ.
Бүгінгі Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ау-кенге арналған цифрлық стартаптар 5 млрд теңге табыс әкелгенін мәлімдеді.