Көкталды газдандыру қашан аяқталатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бірінші болып Көктал-1 мен Көктал-2 тұрғын алаптары газбен қамтылады. Газдандыру жұмыстарын 2020 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған.
Жоспар бойынша қаланың шетіне газ жеткізу жұмыстарын «Қазтрансгаз» аяқтап қалды. "Қазмұнайгаз" компаниясымен қоса Сарыарқа газ құбыры жұмысы аяқталайын деп жатыр. Желтоқсан айында газ келеді деп күтіп отырмыз. Қаланың ішінде газ желісін құру, әрбір үйге жеткізу бойынша жұмыстар атқарамыз. Мұнымен үш құрылыс компаниясы айналысып жатыр. 100 астам жұмысшы бар білімді, шаруашылыққа белгілі компания. Артта қалып қоймай жұмыстарын жақсы істеп жатыр, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов.
Оның сөзінше, Көктал-1 мен Көктал-2 тұрғын алаптарына 2020 жылы шілде айында газ келеді.
Жоспармен орындап жұмысты аяқтаймыз. Газды әкелу жұмыстарының бәрін аяқтап, есептеуіш қоюымыз керек. Содан кейін әрбір тұрғын үйіне газды кіргізіп алады, - деді ол.
Естеріңізде болса, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласын газбен қамту жұмыстары қалай жүріп жатқаны жайлы жазған болатынбыз. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатовтың айтуынша, елорданы газдандыру құрылысы жалпы үш кезеңге бөлінген.