Газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жапсыру талап етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев газға көшкен көліктердің арнайы белгісі әзірленіп қойғанын айтты, деп хабарлады zakon.kz.
Көліктерге тағылатын бұл белгіні Әкімшілік полиция комитеті әзірледі. Автокөлікті бензиннен газға ауыстырған кезде, техникалық құжатқа бұл туралы мәліметті міндетті түрде тіркетесіз, сондықтан, соған сәйкес бұл белгіні автоматты түрде іліп жүресіз, - деді ол.Ол көлігін газбен от алатындай етіп, қайта жабдықтағандардың барлығы осы белгіні тағу жүру керектігін баса айтты.
Мысалы, бұрын "шина" белгісі болған, сол сияқты бұл белгіні де көлікке жабыстыру талап етіледі. Мұндай белгісі бар көлікті, мысалы, сауда орталықтарына кіргізбейді. Сондай заң бар. Белгі қазір дайын. Бұл - "газ" деген жазуы бар қызыл үшбұрыш, - дейді Дұзақбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұмыссыздық туралы анықтаманы egov.kz-тен алуға болады
Өзгелердің жаңалығы